Ссылки доступа

ФТБ Сан-Бернардинодағы террорлық шабуылды ұйымдастырушының iPhone-нын ашты


АҚШ әділет министрлігі осыған орай, бұған дейін Aplle компаниясынан былтырғы жылдың желтоқсанында калифорниялық Сан-Бернардино болған шабуылды ұйымдастырушының iPhone телефонын ашуға мұрсат беретін кодты беруді талап етіп сотқа берген арызын қайтып алмақ.

Әділет министрлігінің өкілі телефонды ашатын кодты федералды биліктің өтінішімен аты-жөні аталмайтын америкалық фирма мамандары тауып бергенін хабарлады. Тергеушілер қазір телефонның жадысындағы ақпаратты зерттеуде.

Әділет министрлігі мен Apple корпорацисының арасындағы текетірес 12 адамның өмірін қиып, 22 адамды жаралаған террорлық шабуылды жасаған екі адамның бірі - Сайед Ризван Фаруктың смартфонынан басталған еді. Соттың рұқсатын алған тергеу орындары телефонда құнды мәліметтер болуы мүмкін деген желеумен компаниядан лаңкестің смартфонын ашуға қажет кодты беруді талап етті. Өз кезегінде Apple тергеу орындары теориялық тұрғыда миллиондаған смартфонды ашуға мүмкіндік беретін мәліметті талап етіп отырғандарын айтып, сотқа шағымданған.

Жеке бастың ақпаратына қол сұқпау құқығының шегіне қатысты сот тартысы аяқталған жоқ. Федералды билік Apple корпорациясынан тағы оншақты смартфонды ашатын кодтарды беруді талап етуде.

XS
SM
MD
LG