Ссылки доступа

Бельгияда Брюссельдегі жарылысқа байланысты ұсталған адам босатылды


р
р

Федералды прокуратура тергеу орындары бұл адамды қамауда ұстауға негіз болатын дәйек таппағанын хабарлады.

Дүйсенбі күні Бельгия прокуратурасы Брюссельдегі жарылыстардан екі күннен соң ұсталған ер адамды босатты. Прокуратура оған қарсы айғақ жоқтығын мәімдеді.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі ауруханада жарылыстан жараланған төрт адамның қайтыс болуына байланысты, шабуыл құрбандарының саны 35-ке өскенін хабарлады.

Дүйсенбі күні бельгиялық прокуратураның террорлық қызметке қатысы бар деп күдіктелген үш адамға айып таққаны белгілі болды. Үш күдікті Брюссель, Мехелен және Дюффельдегі полиция рейді кезінде ұсталған, әзірге олардың Бельгия астанасында болған жарылыстарға қатысы бар-жоғы белгісіз.

XS
SM
MD
LG