Ссылки доступа

Астаналық полицейлер өздерін бейнеге түсірген адамнан жарты миллион теңге талап етуде


Жеті полиция қызметкері Астанада сот арқылы адвокат Бауыржан Азановтан өздері туралы бейнежазбаны жариялағаны үшін 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы өндіріп алғысы келеді.

Бейнежазбада олардың өздеріне портфелін көрсетуден бас тартқан адвокатты сот отырысына кіргізбей қояған сәті бейнеленген.

Қазақстанның ІІМ арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлері бейнежазбаны YouТube порталына салған адвокат Бауыржан Азановтың өздерін заңсыз әрекетке барды деп жазықсыз жазғырғанына наразы. Жеті арыздың әрқайсында: «Бұл бейнежазба көпшілікке тарап кетті, ол ішкі істер қызметкерлерін жақтырмайтын тұлғалар тарабынан ар, абырой мен беделімізге нұқсан келтіретін мазақтауларға түрткі болды», - деп жазылған.

Шағымданушылар Азаматтық кодекстің 143 бабына сәйкес, ар-намысы мен беделіне нұқсан келтірген деректерді жоққа шығаруды және моральдық шығынды өтеуді талап етеді. Әр полицей өзіне келген шығынды 70 мың теңгеге бағалаған. Полиция қызметкерлері «өткізу тәртібі мен нысанның ішкі ережелеріне сай әрекет еткендерін» алға тартады. Арызда олар адвокат Бауыржан Азановтың сөмкесін көрсетуден бас тартқанын, шу шығарып, бәрін мобильді телефонының камерасына түсіре бастағанын жазған.

Адвокат Бауыржан Азанов өзі түсірген бейнежазбаны YouТube арнасына «өзінің қауіпсіздігі үшін және соттарда адвокаттармен қалай сөйлесетінін көрсету мақсатында салғанын» айтады. Оның сөзінше, бейнежазбаны түсіруге былтыр күзетте тұрған полиция қызметкерлерінің қолына кісен салғаны түрткі болған. Қолындағы сөмкесін көрсетпегені үшін өзін бірнеше мәрте сот отырысына кіргізбей қояғанын айтады. Адвокаттың дерегінше, Астананың алматы аудандық соты бұл істі қарауға алған.

XS
SM
MD
LG