Ссылки доступа

Тәжік зейнеткерлері Сталиннің ескерткішін көзінің қарашығындай қорғайды


Тәжікстанның Соғды облысы Ашти Боло ауылында кеңестік көсем - Иосиф Сталиннің ескерткіші сақталған.

Биіктігі 172 см болатын Сталиннің ескерткіші мұнда 1956 жылы Молотов атындағы ұжымшар жұмысшыларының ақшасына тұрғызылған және Хрущевтың жеке басқа табынушылыққа қарсы науқанынан аман қалған.

Жергілікті №14 орта мектептің меңгерушісі болған зейнеткер Рустам Бегматов осы ескерткіштің күтушісі. Оның айтуынша, гипстен жасалған ескерткіш уақыт өте бұзыла бастаған, бес жыл бұрын генералиссимустың сол қолы жұлынып қалған. Алайда ауылдық емхананың дәрігері Джамол Махмудов гипс пен цементтің көмегімен ескерткіштің бүлінген жерін жөндеп қойған.

Ашт аудандық білім басқармасының бас маманы Арабчон Толибов Отан соғысының ардагерлерінен тұратын «сталиншілер» Сталинге қойылған белгілерді қирату науқаны кезінде ескерткішті мақтаның кепкен сабақтарымен жасырып қойғанын айтады.

Сталиннің дәуірі террор меен репрессияның миллиондаған құрбандарымен тарихта қалса да, аға буын өкілдері оны батыр санайды. Тәжікстан әлі күнге дейін сталиндік қуғын-сүргін құрбандары туралы ресми статистика деректерін жарияламай отыр. Алайда Шириншо Шотемор, Чинор Имомов, Нусратулло Махсум және Абдулло Рахимбоев сынды елге танымал ондаған саяси және мәдени қайраткер сол заманда халық жаулары ретінде атылып кетті.

XS
SM
MD
LG