Ссылки доступа

Прокурор Мәмбеталиннің жазасын жеңілдетуді сұрайды


Алматыда апелляциялық сотта прокурор сот алқасынан азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталиннің үкімін жеңілдетіп, екі жылға бас бостандығынан айыруды және үш жылға қоғамдық қызметпен айналысуына тыйым салуды сұрады.

Бұған дейін ол араздық тудырды деген айыппен екі жылға сотталса да, тергеу абақтысында отырмаған еді.

Прокурор осы іс бойынша сотталған Ермек Нарымбаевтың үкімін күшінде қалдыруды сұрады. Нарымбаев үш жылға бас бостандығынан айырылған және бес жыл бойы кез келген қоғамдық іспен айналысуына рұқсат жоқ. Ол да үй қамауында отыр.

Сотта Нарымбаев кінәсін мойындамайтынын айтып, өзін босатуын сұрады. Мәмбеталин кінәсін мойындайтынын мәлімдеді. Ол сотқа өзі келіп, үйіне өзі қайтып кетті. Нарымбаевты сотқа күзетпен алып келіп, үй қамауында отырғандықтан күзетшілердің алып жүруімен үйіне қайтты.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтар 22 қаңтарда әлеуметтік желіде «Ветер с улицы» дейтін кітаптан «қазақ халқының ар-намысын таптайтын» үзінділерді таратқандары үшін, әлеуметтік араздық тудырды деп айыпталып, екі және үш жылға сотталған. Олар мұны интернеттен көшіріп бастық деген уәж айтып, кінәларын мойындамаған. Бірақ үкім шыққан соң көп ұзамай қос белсендінің «өкінгендері» туралы мәлімдемелері шығып, қамаудан босатылған еді.

XS
SM
MD
LG