Ссылки доступа

Ресей Сириядағы техниканың басым бөлігін қалдырып отыр


Ресей берген уәдесіне қарамастан, әлі күнге Сириядағы әуе соғыстарына қатысқан әскери ұшақтарының басым бөлігін ресейлік әскери әуе базаларына қайтармаған.

Бұл туралы АҚШ ресми орындарындағы дереккөздерге сүйенген америкалық ABC телекомпаниясы хабарлады.

Америкалық әскерилердің мәлметінше, Латакия қаласының іргесіндегі базадан ресейлік әскери күштерді шығару туралы шешім жарияланардың алдында мұнда 42 шабуылдаушы және бомбалаушы ұшақ болған. Қазір онда 28 ұшақ тұр деген мәлімет бар. ABC телекомпаниясына ақпар берген әскерилер Сирияда ресейлік 18 тікұшақтың бәрі қалғанын, олардың бір бөлігі әлі күнге үкімет әскерлерін әуеден қолдауоперациясына қатысатынын айтқан. Сонымен бірге, ресейлік танктер мен артиллерияның Сирия әскеріне көмектесуді тоқтатпағаны, Ресей әуе күштері мен артиллериясының Пальмира қаласын шабуылдауда шешуші рөл атқарғаны белгілі болды. Журналистермен тілдескен әскерилер ресейлік әскери кемелердің Сирияға әскери жабдықтар тасып жатқанын жеткізді.

ABC телекомпаниясына сұхбат бергендер Сирияда ресейлік әскердің көп бөлігінің қалуы, Мәскеу Сирия аумағында ұзақ уақытқа әскерін орналастырғысы келеді деген ойға жетелейтінін айтқан.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер ресейлік әскердің Пальмира қаласын шабуылдауға қатысқанына байланысты, Вашингтонның Мәскеуден бейбіт үрдістердің жүруіне қолғабыс етуді күтетінін мәлімдеді. «Сириядағы билік режимімен ерекше қарым-қатынасына байланысты, олар бұл елге ықпал ете алатын әлеуетке ие. Және осы ықпалын азамат соғысын тоқтатуға пайдаланулары керек», — деді министр.

XS
SM
MD
LG