Ссылки доступа

Атамбаев пен Штайнмайер аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады


Президент Алмазбек Атамбаев Қырғызстанға ресми сапармен келген ЕҚЫҰ төрағасы, Германияның сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.

Кездесу барысында Атамбаев пен Штайнмайер халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасып, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаңа замандағы қауіп-қатерлерге қарсы тұру бойынша іс-әрекеттердің басымдықтарын талқылаған.

Сонымен бірге екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, Қырғызстандағы демократия мен сөз бостандығын нығайту, демократиялық институттарды одан әрі дамыту мен елде таза және әділ сайлау өткізу жағынан әріптестікті жалғастыру мәселелері әңгімеге арқау болған.

XS
SM
MD
LG