Ссылки доступа

Сирияға ресейлік саперлер келді


Ресейдің қорғаныс министрлігі Пальмира көне қаласын миналардан тазалау үшін Сирияға саперлердің алғашқы легі барғанын хабарлады.

Бұған дейін жақында сириялық үкімет күштері ресейлік әуе күштерінің қолдауымен оншақты ай бойы «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы содырларының қолында болған Пальмира қаласын азат еткен еді.

Ресей Сирия үкіметіне қаланың тарихи бөлігін минадан тазартуға көмектесуге уәде берген. Бүгін Сирияға ресейлік минаға қарсы топтың алғашқы легі жеткізілген. Ресейлік саперлердің Пальмираға қашан келетіні белгісіз. Минадан тазалау жұмысы бірнеше айға созылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG