Ссылки доступа

Түркияда ресейлік ұшқышты өлтірді деген күдікті ұсталды


Кісі қолынан қаза тапқан Олега Пешков 2015 жылы 24 қарашада түрік әскери әуе күштері атып түсірген ресейлік әскери ұшақтың пилоты болатын.

Ресейлік ақпарат құралдары ұсталған Алпарслан Челикті парашютпен жерге түсіп келе жатқан Пешковты атып өлтірген күдікті ретінде атауда.

Түріктің "Хүррийет" газеті сәрсенбі күні Измир қаласының мейрамханаларының бірінде, 14 адамның, оның ішінде Алпарслан Челиктің тұтқындалғанын жазды. "Хүррийеттің" дерегінше, ұсталғандардың бәрі Сирия президенті Башар Асадтың режиміне қарсы соғысқан достар боп табылады. Полиция оларды мейрамханада қарулы адамдардың отырғаны туралы қоңыраудан соң тұтқындаған. Тінту кезінде Калашников автоматы, екі тапанша және көп мөлшерде оқ-дәрі табылған.

Сирия-түрік шекарасында ресейлік шабуылдаушы Су-24 ұшағының атып түсірілуі Мәскеу мен Анкараның қарым-қатынасын күрт нашарлатып жіберді. Ресей Түркияға қарсы санкциялар қабылдады.

XS
SM
MD
LG