Ссылки доступа

Астанада қармен бірге асфальт "еріп" жатыр


Көктем келісімен Астана көшелерінде жүретін жүргізушілердің көзі "ашылуда".

Қыс бойы тесік-шұқырын қар жапқан ойдым жолдан көшелерде кептеліс көбейді. Жол жасаушылар бәрін қолайсыз ауа-райына жауып отыр:

"Егер ауа-райы бұрынғыдай қарашадан наурыздың ортасына дейін 30 градус суық болғанда мұның бірі болмас еді. Температураның құбылмалылығынан жол жамылғысы бұзылуда. Орташа жөндеу әдетте үш жылға, ал тесіктерді бітеумен шектелетін жөндеу бір жылға жетеді", – деп ақталады Астананың автокөлік жолдары Басқармасының жол құрылысы және жөндеу бөлімінің жетекшісі Асқар Исақов.

Оның айтуынша, астаналық көшелер кезінде орташа 600 көлікке есептеліп салынған, қазір көлік саны бұдан әлденеше көп.

Жүргізушілер көліктеріне жандары ашығанымен, Астанадағы ой-шұңқырдың бәрін айналып өту мүмкін еместігін айтуда.

Былтыр ресми дерек бойынша, орталық даңғылдарды қоса есептегенде Астанада 65 шақырым жол жөнделген. Биыл қазақ астанасының бірде-бір көшесіне күрделі жөндеу жасау қарастырылмаған, тек 23 көше орташа жөндеу көреді. Жолдардың негізгі бөлігін жамап-жасқап шығу жоспарлануда.

XS
SM
MD
LG