Ссылки доступа

Өзбекстан КСРО-ның Алмаз қорындағы үлесінен бас тартты


Ресейдің Мемлекеттік думасы Өзбекстанмен арадағы екіжақты міндеттемелер мен қаржылық талаптарды, оның ішінде 1992-1993 жылдары сатылған тауарлар мен берілген несие бойынша қарыз мәселесін шешу туралы 2014 жылы қол қойылған келісімді мақұлдады.

Бұған дейін өзбек билігі бұрынғы қарыз бен несиені қайтарудан бас тартып келген еді. Келісім бойынша, Өзбекстанның Ресей алдындағы қарызының 97 пайызы кешіріледі. Оның құны орташа 800 млн доллар болатын мақтаның жылдық өнімін сатудан түсетін табысқа тең. Ташкент өз кезегінде бұрынғы КСРО-ның Сыртқыэкономбанк есепшоттарындағы валюталық ақшадан және кеңестік Алмаз қорындағы үлестен бас тартты.

Ресей тарабының есебінше, 2014 жылдың 1 қарашасында Өзбекстанның қарызы 900 миллион долларға жуықтаған. Алайда өзбек билігі КСРО-ның Алмаз қорынан 1-2 миллиард долларға тең үлес беруді талап етіп, қарыздың бір бөлігін ғана төлеуге келіскен болатын.

Келісім ратификацияланғаннан кейін Өзбекстан Ресейдің алдында қалған 25 млн доллар берешегін бір ай ішінде төлеп беруі тиіс.

XS
SM
MD
LG