Ссылки доступа

Түркіменстанның "қара базарындағы" доллар құны ресми бағамнан 60 пайызға өсіп кетті


Түркіменстандағы бағаға тікелей әсер ететін қара базардағы доллардың бейресми бағамы елдегі ресми бағамнан орташа 60 пайызға асып кетті

RFE/RL ақпарат құралының Түркіменстандағы шолушысы Аманмурад Бугаев: «Қазір үй, автокөлік сатып алу саласындағы жеке келісімдер, сонымен бірге жеке кәсіпкерліктегі сауда-саттық доллармен жүреді, қара базардағы доллар құны қалай өссе, барлық заттың бағасы да қымбаттайды», - деп хабарлады. Оның айтуынша, келісімдер ресми түрде манатпен рәсімделсе де, есеп айырысу доллармен жүзеге асады. Түркменстанда шетелдік валютамен келісім жасауға заң жүзінде тыйым салынған.

Түркімен манатының ресми бағамы 2015 жылдың қаңтарынан бері өзгеріссіз тұр, яғни 1 АҚШ доллары 3.50 манатқа тең. Бірақ, Түркіменстанның Орталық банкі 2016 жылы 12 қаңтарда арнайы шешіммен тұрғындарға шетел валютасын сатуға тыйым салды.

XS
SM
MD
LG