Ссылки доступа

Өзбекстанға "қажетсіз" әнші Түркия азаматтығын алды


Өзбектің танымал әншісі әрі композиторы Абдулазиз Карим түрік азаматы атанды. 29 наурызда Түркия азаматтығын алғаны туралы хатты оған ел премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлының өзі жолдаған.

41 жастағы Абдулазиз Каримге Түркия азаматтығы «заңнан тыс ерекшелік» ретінде берілген.

Түркия заңдары бойынша, шетелдік азамат бұл елдің азаматтығын алуы үшін ел аумағында кем дегенде 5 жыл тұруы тиіс. Абдулазиз Каримге азаматтық 10 айдың ішінде берілді.

– Бұл мен үшін өте қуанышты жаңалық болды. Он ай бұрын Түкрия үкіметі құжаттарымды беруді сұрады. Олар менің шығармашылығыма қызығатындарын айтты. Өзбекстанда мені әнші ретінде білсе де, композитор ретінде танылмаған едім. Ал мен симфониялық шығармалар, бір бөлімнен тұратын опера да жаздым. Олардың бәрін осында көрсеттім. Олар Түркия жұртшылығының ерекше қызығушылығын тудырды, –деді Абдулазиз Карим.

«Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі» әнші әрі композитор Абдулазиз Карим 2015 жылы туған елінен кеткен. Отанынан қоныс аударуына өзбек билігінің оның әндеріне тыйым салғаны себеп болды.

XS
SM
MD
LG