Ссылки доступа

Грекия 131 мигрантты Түркияға жіберді


Еуропадағы жаппай мигранттарды біртіндеп әлсірету жөніндегі Еуроодақтың жоспары бойынша, Грекия мигранттардың бірінші толқынын Түркияға жіберді. 4 сәуірде Лесбос аралынан 131 мигрант түрік жалауы бар екі қайыққа отырып, Түркияға қарай жол тартты.

Пәкістан мен Бангладештен келген мигранттарды Түркияның батысындағы Дикили қаласына жіберіп жатыр.

Ресми Түркия 500 босқынды қабылдауға дайын екендіктерін мәлімдеген. ЕО мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес, Анкара Еуропадағы барлық босқындарды, Грекияға заңсыз келген Сирия мигранттарымен қоса өз еліне кіргізеді. Ал ЕО жауап ретінде, босқындарды ұстап тұруға үлкен қаражат бөледі әрі Түркияның ЕО-ға мүше болып кіру талаптарын жеңілдетеді.

Еуроодақ пен Түркия арасындағы келісімді адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар сынға алып келеді. Құқық қорғаушылар босқындарды қайтару операциясы тиянақты дайындалмаған деп қауіптенеді.

XS
SM
MD
LG