Ссылки доступа

Қырғызстан балалары Ресейге қарсы көтеріліс ойынын ойнайды


Дети в Кыргызстане играют в геноцид и восстание против России
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Бішкек оқушылары 1916 жылғы Ортаазия көтерілісі жөнінде қойылым қойды. Қырғызстан биыл он мыңдаған жергілікті тұрғын шейіт болған Ортаазия көтерілісінің жүз жылдығын атап өтуде. Патшалық репрессиядан құрбан болғандардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз. Бірақ қырғызстандықтар мұны геноцид деп тануды талап етеді.

1916 жылғы оқиғаны еске алу шарасы Қырғызстанда жыл бойында атап өтіледі. Таяуда ғана Бішкекте аталған оқиғаны еске алуға арналған театр фестивалі өтті. Онда Талас мектебінің оқушылары Ортаазия көтерілісі жөнінде қойылым қойды.

Мукай Элебаев романының желісі бойынша пъесаны оқушылардың өздері жазып шыққан. Басты рөлде — он жастағы бала (оны 3-сынып оқушысы ойнайды). Мыңдаған өзге қырғыздар секілді ол да патша қаһарынан Қытайға қашады. Алайда жолда анасы қаза табады, өзі құлдыққа тап болады.

"Біз осыған дейін әртүрлі спектакльдерді ойнап келдік. Бірақ 1916 жылғы көтеріліс біздің жанымызға қатты батты. Біз олардың қайғы-қасыретін сезіндік. Бұл біз үшін ерекше тақырып болды", - дейді оныншы сынып оқушысы Алтынай Борукеева.

Сахнаның кейбір кемшіліктеріне қарамастан, балалар үлкен құштарлықпен ойнады. Тіптен сахнадағы әртістердің балалар екенін көрермендердің өздері сезбеді.

Дети в Кыргызстане играют в геноцид и восстание против России
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

XS
SM
MD
LG