Ссылки доступа

Бішкекте "Памирден келген хат" фильмінің тұсауы кесіледі


 
 

Бішкекте 9 сәуірде кино үйінде "Каратегинден кат" (Памирден келген хат) деп аталатын бірінші деректі фильмнің тұсауы кесіледі. Ол Тәжікстанда тұратын қырғыздар жөнінде. Бұл туралы Қырғызстанның кинематография департаменті хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, бұл фильм Тәжікстанның шалғай ауданындағы тау етегінде өмір сүріп жатқан қырғыздардың күнделікті тұрмыс тіршілігі жайында. Тарихи және қазіргі катаклизм жағдайында фильм авторы тау етегіндегі адамдардың сезімдерін шынайы жеткізе білген.

Фильм Қырғызстанның "Чагалдак филмз", Францияның "Cinedoc" продюсерлік орталығы мен Швейцария елшілігінің қолдауымен түсірілген. Фильмнің режиссері Азаттық радиосының (қырғыз қызметі) тілшісі Жаныл Жусупжан.

Еске сала кетейік, Тәжікстанның Жергетал ауданында этникалық қырғыздар тұрады.

XS
SM
MD
LG