Ссылки доступа

Қазақстан ТМД ұйымын реформалауды ұсынады


Жұма күні Мәскеуде ТМД елдері СІМ басшыларының Кеңесінің отырысы өтеді. «Коммерсантъ» басылымы ТМД ұйымын реформалау кездесудің бас тақырыбына айналатынын жазады.

Басылым дереккөздеріне сүйене отырып, өзгерістер енгізу туралы ұсынысты Қазақстан жасағанын хабарлады. «Коммерсантъ» дереккөзі Астана ТМД-ны «ЕАЭО және ҰҚКШҰ секілді іргелі интеграциялық ұйымдардың қызметін қайталамайтын, бірақ оның құрамындағы 11 ел Украина мен Қарабақ секілді аймақтық өткір мәселелерді жеке өздері талқылайтын орынға айналатын шағын ұйым болуы керек» деп санайтынын жеткізді.

ТМД-ны реформалауды ұйымға төрағалық ететін Қырғызстан да қолдаған. «Коммерсантъ» басылымына түсініктеме берген Қырғызстан СІМ Бішкектің «ТМД салалық органдарын оңтайландыру мен реформалауды және басы артық жұмыс құрылымдары мен хатшылықтарын қысқартуды қолдайтынын» білдірген.

Басылымның жазуынша, Ресей ТМД-ны жетілдіруді жалпы қолдағанымен, «реформа» сөзін қолданудан аулақ. ТМД-ның Атқарушы комитеті өз кезегінде ұйымның жұмысындағы көп кемшіліктің «объективті түрде өздеріне қатыссыз жағдайлардан туындайтынын» мәлімдеді. .

XS
SM
MD
LG