Ссылки доступа

Өзбекстанның оңтүстігінде жер сілкінді


Өзбекстанның Тәжікстан және Ауғанстанмен шектесетін Сурхандария және Қашқадария облыстарында 5 сәуірде, жергілікті уақытпен 17:12 минутта жер сілкінді.

Зілзала күші Рихтер шкаласымен 4,8 балл болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Өзбекстанмен шектесетін тәжіктің Пенджикент қаласынан 48 шақырымда болған.

«Ташкент» сейсмикалық бекеті жер асты дүмпулері Қарши және Самарқанд қалаларында күштірек сезілгенін хабарлады. Мұнда 3-4 баллдық сілкініс тіркелді. Зілзаланың 2-3 баллдық күші Жизақ, Термез және Навои қалаларында сезілген. Ташкентте жерасты дүмпуінің күші әлсіз болған.

Зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы дерек түспеді.

XS
SM
MD
LG