Ссылки доступа

Баку Ереванды Таулы Қарабақ бітімін бұзды деп айыптады


Әзербайжан қорғаныс министрлігі армян тарабы Таулы Қарабақ бітімін 115 рет бұзды деп мәлімдеді.

Аталған мекеменің өкілі Вагиф Дяргахлы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында қарсы тарап ірі калибрлі пулеметпен оқ атқанын айтқан. Соған қарамастан Баку бітім шартын сақтап отыр дейді.

Өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақ үкіметі бұл ақпаратты жоққа шығарады. Олардың сөздерінше, бір түннің ішінде ешқандай бітімнің бұзылғанын байқамаған. 5 сәуірде Әзербайжан мен Армения бітімге келгендіктерін жариялады. Соғыс әрекеттері тоқтаған.

Таулы Қарабақ аймағында кикілжің 2 сәуірге қараған түні бірден ушығып кетті. Сәрсенбі күні Баку мен Степанакер төрт күннің ішінде қанша әскерін жоғалтқанын мәлімдеді. Ал өзін өзі жариялаған Таулы Қарабақ үкіметі 29 әскерінің қаза тапқанын, 28-і із-түссіз жоғалып кеткенін және 72 жауынгер жараланғанын жариялады. Әзербайжан әскери күші 31 жауынгерін жоғалтқан.

БҰҰ дүйсенбі күні әскери қақтығыстың құрбаны 30 адамға жетті, 200-ден астам адам жараланды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG