Ссылки доступа

Қырғызстандықтар Индонезияда 30 күнге дейін визасыз жүре алады


Индонезия үкіметі Қырғызстан азаматтарына 30 күнге дейін елдерінде визасыз кіріп-шығуға рұқсат берді. Бұл жөнінде Малайзияның Қырғызстандағы елшілігі хабарлады.

Визасыз жүйе кәсіби мақсатта баруды көздейтін БАҚ өкілдеріне арналмаған.

Сонымен бірге заңға сәйкес, визасыз жүйені әрі қарай ұзартуға немесе басқа визаға ауыстыруға болмайды. Әрі қырғызстандықтар Индонезия аймағына тек ғана Soekarno-Hatta халықаралық әуежайы арқылы келулері тиіс.

XS
SM
MD
LG