Ссылки доступа

Түркімендер некеге отыру үшін ВИЧ-ке қан тапсыратын болады


Түркіменстанда некеге отыратын азаматтар міндетті түрде ВИЧ тексеруінен өтуге тиіс жаңа заң қабылданды.

Егер тест оң нәтиже көрсетсе, азаматтар некеге отыра алмайды.

Мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл заңды дені сау ұрпақ өсіру мақсатында, балалардың ВИЧ вирусын жұқтыруын алдын алу үшін қабылдаған.

Сонымен бірге шетелдіктер, есірткі пайдаланады деген күдіктілер, сотталушылар мен қан берушілер міндетті инфекцияға тест тапсыратын болады.

Ел президенті Гурбангулы Бердымухамедов қол қойған заңда ВИЧ/СПИД індетін жұқтырушылар тегін емделеді деп көрсетілген. Түркіменстанның ресми мәліметі бойынша, 2002 жылдан бері ВИЧ індетін жұқтырған екі адам ғана тіркелген, олардың екеуі де шетелден жұқтырып келген.

XS
SM
MD
LG