Ссылки доступа

Назарбаев Әлиевпен және Саргсянмен сөйлесті


Қазақстан президентінің ресми вебсайтының хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев 6 сәуір күні Әзербайжан және Армения президенттерімен жеке-жеке телефон арқылы сөйлескен.

Хабарламада: "Екі елдің жетекшілерімен сөйлесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақтағы жанжал аумағында тұрғындар мен әскерилердің қаза табуына қатысты көңіл айтты" деп жазылған.

Президент Назарбаевтың Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев пен Армения жетекшісі Серж Саргсянды жанжалды басуға, халықаралық құқық негізінде бейбіт келіссөздерді бастауға шақырғаны хабарланады. Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Минск тобының ерекше рөлін атап өткен.

Таулы Қарабақта 2 сәуір күні Әзербайжан әскері мен арменияшыл сепаратистер арасында қарулы қақтығыс басталып, 5 сәуірде оқ атуды тоқтату туралы уақытша бітім жасалған.

XS
SM
MD
LG