Ссылки доступа

Душанбе мен Мәскеу «Ислам мемлекетімен» бірлесіп күреседі


Тәжікстан сыртқы істер министрлігі 6 сәуірде тәжік-ресей сыртқы істер министрліктері өкілдерінің саяси кеңесулері барысында «Ислам мемлекеті» ұйымымен бірігіп күресу мәселесі талқыланғанын жария етті.

Душанбе мен Мәскеу «Ислам мемлекетімен» бірлесіп күресу керек, шетелдік лаңкес-содырлардың феноменіне қарсы тұру шараларын қолға алу қажет деп санайды. Ресей СІМ таратқан мәлімдемеде Ауғанстан тарапынан келетін террорлық және қылмыстық қауіптердің бетін тиімді тойтаруға баса көңіл бөлінгені туралы хабарлады.

Бұған дейін Ресей билігі Тәжікстанның террорлық топтармен бетпе-бет келу қаупі туралы, әсіресе «Ислам мемлекетінен» төнген қатер жайлы мәлімдеген еді. Өткен айдың аяғында «Сыртқы саясат» агенттігі мен «Валдай» пікірталас клубы дайындаған «Хаулықаралық қауіп-қатерлер-2016» баяндамасында «Орталық Азиядағы ең кедей әрі әлсіз мемлекеттің бірі құрдымға кететіні және оның орнына шариғатты өзінше түсінетін қарулы топтар билейтін басқарусыз аумақтың пайда болатыны» жайлы болжам жасалды.

Есеп авторларының пікірінше, елдегі көптеген отбасы Ресейде жұмыс істейтін мигранттардың ақшасына ғана күн көретін Тәжікстан бұл жағынан ең осал мемлекет саналады.

XS
SM
MD
LG