Ссылки доступа

Нидерланд халқының көбі ЕО мен Украинаның жақындасуына қарсы


Дегенмен, Голландия мен Украинаның жақындасуына байланысты сәрсенбіде өткен референдум нәтижесі қатысушылардың санының аздығына байланысты жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Рейтер агенттігі экзит-полл деректеріне сүйеніп, ЕО мен Украинаның жақындасуы туралы қатысушылардың 64 пайызы қарсы дауыс бергенін, 36 пайызы жақтағанын хабарлады. Экзитполды NOS орталығы өткізген.

Референдумға келгендер саны 29 пайыз болған, бұл дауыс берудің заңдылығын мойындауға қажет төменгі межеден 1 пайызға кем. Референдум міндетті боп саналмаса да, Нидерланд үкіметі халықтың қалауын ескеретінін мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG