Ссылки доступа

Шекарадағы қақтығыстардың орнына спорттық сайыстар


Тәжікстан мен Қырғызстан билігі мерекелік шаралар мен спорттық жарыстар өткізу арқылы шекараға жақын аудандардағы шиеленістерді басқысы келеді.

Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарының қатысуымен мерекелік шаралар, спорт жарыстары Исфара, Баткен, Б.Гафуров және Лейлек шекаралық аудандарында басталып та кеткен және жергілікті тұрғындардың қолдауына ие болған. Бободжон Гафуров атындағы аудандағы Овчи-Калача ауылдық кеңесінің төрағасы Эраджбой Джураев Овчи-Калъача ауылы мен Қырғызстанның Лейлек ауданына қарасты Құлынды ауылы арасындағы футбол ойынына жүздеген тұрғынның қатысқанын айтты.

Оның сөзінше, "жарыс тамаша жағдайда өткен, соның арқасында екі ауыл тұрғындарының қарым-қатынасы жақсарғаны байқалады".

Баткен мен Исфара тұрғындары Исфарадағы мәдениет сарайында концерт өткізген, ал Лаккон ауылының тұрғындары көрші қырғыз Карабақ ауылының адамдарымен бірлесіп, ирригациялық арнаның бірнеше шақырымын тазартқан. Наурыз мерекесі күндері Баткен мен Исфара тұрғындары бір-біріне қонаққа барып, бір дастарқан басынан дәм татқан.

Жыл сайын көктемде Тәжікстан мен Қырғызстанның шекаралас ауылдарының тұрғындары жер мен суды пайдалануға келгенде қақтығысып жатады. Бірақ биыл екі елдің билігі бірігіп мерекелік шаралар мен спорт жарыстарын өткізу арқылы, тұрғындарды жақындастырып, кез-келген дау-жанжалдың алдын алуға тырысуда.

XS
SM
MD
LG