Ақпарат құралдары әңгіме прокуратура 22 наурызда Брюссель әуежайында өзін жарып жіберді деген 25 жастағы Наджим Лаашрауи туралы болуы мүмкін деп топшылауда. Ол сонымен бірге, 130 адамның өмірін жалмаған Париждегі жарылыстарды жасаған лаңкестерге "жанкешті белбеулерін" дайындады деп күдіктеледі.
22 наурыздағы Завентем әуежайы мен Брюссель метросындағы жарылыстардан 32 адам көз жұмды. Лаңкестік шабуылдарды "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы мойнына алды.
Бұған дейін Бельгия үкіметі Брюссельдегі терактінің алдын-алуға қауқарсыздық танытты деген сынды жартылай мойындайтынын мәлімдеген болатын.