Ссылки доступа

Қырғызстан үкіметі бүгін отставкаға кетуі мүмкін


"Оның отставкасынан кейін қазіргі министрлер кабинетіндегі көпшілік жаңа үкіметті сайлайды", - деді дереккөз.

Алайда үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды.

Еске сала кетейік, "үкімет отставкаға кетеді" деген сөз бұрыннан айтылып келеді. Алайда бұл сөздің шығуына министр Аргынбек Малабаевтың Бішкектен "Манас" әуежайына және Балыкчи-Корумдуға баратын жолдарды қайта жөндеуге өткізілген тендер кезінде заң бұзушылықтар орын алды деп премьерді айыптауы себеп болған.

Депутаттардан құралған комиссия дәйектерді тексеріп, үкімет басшысының отставкасын талап еткен. Алайда министрлер кабинеті бұл айыптарды теріске шығарып келеді.

XS
SM
MD
LG