Ссылки доступа

"ИМ-ге тартушының" әйелі әділдік іздейді


Куляб аудандық соты 11,5 жылға сотталған Ансор Зайниддиновтің жазасын 5,5 жылға дейін қысқартты. 28 жастағы шекара бойындағы Хамадони ауданының тұрғыны үстіміздегі жылдың ақпан айында жастарды "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына тартып келді деген айыппен сотталған болатын.

Сот Ансор Зайниддиновті айыптауға себеп болатын айғақтар табылмағанын негізге алып, істі қайта қараған. Алдын биылғы жылдың 12-ақпанында сот Зайниддинов "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының мүшесі, әрі ол осы ұйымға жастарды тартып келді деген айыптар таққан болатын. Алайда сотталушының жары Гульнора Рамазонова керісінше күйеуінің Сирияға кетпек болған жастардың райынан қайтарғанын айтады.

"Бұл 2014 жылдың желтоқсаны болатын. Менің Мәскеуде әйелімен және үш баласымен тұратын немере ағам Хоким мені күлше пісіруші болып жұмыс істеуге шақырды. Мен ол жаққа бардым. Бірақ онда ешқандай жұмыс болмады. Олар маған Сирияға оқуға барамыз деді. Мен бұл жайында күйеуіме айттым. Бұл 2015 жылдың мамыр айы болатын. Ол бірден келіп, мені үйге қайтарды", - деді сотталушының әйелі.

Тәжікстан билігі бүгінде Сирия мен Ирактан өз бетімен келген азаматтарға рақымшылық жасамаймыз деп уәде беруде. Ресми мәлімет бойынша, Сириядан Тәжікстанға 60 адам қайтып оралған. Олардың бәріне кешірім жасалған. Мұнан бөлек мыңдаған тәжік азаматы Таяу Шығыста "Ислам мемлекеті" ұйымының құрамында соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG