Ссылки доступа

Тәжікстандағы аралық парламент сайлауы оппозицияның қатысуынсыз өтті


Жексенбі күні Тәжікстанда астаналық Фирдауси және Соғды облысындағы Джаббор Расулов аудандарында ел парламентінің төменгі палатасына аралық сайлау өтті.

Тәжікстанның сайлау және референдум жөніндегі Орталық комиссиясы екі сайлау округіндегі аралық сайлауды өтті деп таныды. Астаналық Фирдауси ауданындағы бірінші округте депутаттық орынға Экономикалық реформалар партиясы, Демократиялық партия, Аграрлық және билік басындағы Халықтық-демократиялық секілді төрт партияның өкілдері таласты. Джаббор Расулов ауданындағы 16-шы сайлау округінде сайлауға Халықтық-демократиялық және Аграрлық партияның өкілдекрі мен өзін-өзі ұсынған жалғыз адам қатысқан. .

Аралық сайлауға парламентте отырмайтын Коммунистіәк және Социал-Демократиялық партиялар қатыспайды.

Қазір парламенттің төменгі палатасы - Маджлиси намояндагондағы 63 орынның 51-і биліктегі Халықтық-демократиялық партияға тиесілі. Аграрлық партия паламентте 3, Экономикалық реформалар 2 орынға ие. Демократтар мен социалистердің бір-бір өкілі өткен.

2015 жылдың 1 наурызында өткен сайлаудың қорытындысында коммунистер мен Тәжікстанның исламдық өркендеу партиясы парламенттегі орындарынан айырылып қалған еді. Оппозиция парламенттің іс жүзінде билік партиясы мен президенттің жақтастарының бақылауында қалғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG