Ссылки доступа

Сирия армиясы Алеппоны қайтаруға дайындалып жатыр


Ресей авиациясы қолдайтын Сирия армиясы Алеппо қаласын азат етуге дайындалып жатыр деп хабарлады Сирия премьер-министрі Ваель әл-Халаки Дамаскіге сапарлап барған ресейлік депутаттарға.

"Ресейлік одақтастарымызбен бірге біз Алеппоны азат етіп, бітімге қосылмаған немесе оны бұзған барлық заңсыз қарулы топтардың әрекетіне тосқауыл қою операциясына дайындалып жатырмыз" деді ол.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, соңғы тәулікте бұл ауданда кем дегенде 16 сарбаз бен "Әл-Қаидамен" байланысы бар 19 содыр қаза тапқан. Әскери қимылдар Алеппо провинциясының оңтүстігінде бірнеше жерде жүріп жатыр. Ресей мен АҚШ ара ағайындық етіп жасалған бітім "Ислам мемлекеті" және "Нусра майданы" экстремистік ұйымдарына жүрмейді.

XS
SM
MD
LG