Ссылки доступа

Керри Хиросимадағы мемориалға барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Жапонияда Хиросимадағы атом бомбасы шабуылы құрбандарына арналған ескерткішке барып, гүл қойды.

Керри - америкалық жоғары шенді шенеуніктер арасынан Хиросимадағы бейбітшілік мемориалды паркі мен мұражайына барған алғашқы шенеунік.

Онымен бірге еске алуға Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Италия және Жапония сыртқы істер министрлері де қатысты. Бұл жеті ел министрлері Хиромимаға "Үлкен жетілік" елдерінің кездесуіне жиналған.

1945 жылы 6 тамызда америкалық бомбалаушы ұшақ Хиросимаға 15 кило тонналық атом бомбасын тастап, одан 80 мың адам қаза тапқан. Бұдан үш күн өткен соң Нагасакиге де осындай атом бомбасы тасталған. Кейбір тарихшылар екі қалаға атом бомбасын тастау екінші дүниежүзілік соғыстың тезірек аяқталуына ықпал етті дейді.

XS
SM
MD
LG