Ссылки доступа

Ставропольде полицияға шабуылдағандар анықталды


Райцентр Новоселицкое
Райцентр Новоселицкое

Ресейдің оңтүстігіндегі Ставропольдің полиция бөліміне шабуыл жасаған үш ер адамның аты-жөндері анықталды. Тергеу комитетінің мәліметінше, олар — Новоселицкое ауданы, Китаевское ауылының тұрғындары Заур Акаев, Рамазан Хайбулаев пен Исай Абдулатипов. Үшеуі де бұрын адам өлтіргендері үшін сотталған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 11 сәуірде таңертең қаруланған үш адам Новоселицкое аудан орталығының полиция бөліміне шабуыл жасаған. Олардың екеуі өлтірілген, біреуі өзін жарып жіберген. Полиция мен жергілікті тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Тек полиция ғимараты мен бірнеше көліктерге зақым келген.

Оқиға бойынша, қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі кезде ауданға контртеррористік операция режимі енгізілген.

Аудан губернаторы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, мектептер мен балабақшалардағы дәрістер қауіпсіздікке байланысты екі күнге тоқтатылған.

Ставрополь өлкесі - соңғы жылдары исламшыл бүлікшілер белсенді әрекет ете бастаған Солтүстік Кавказға жақын аймақ.

XS
SM
MD
LG