Ссылки доступа

Қырғызстанда діни ахуалды зерттеу орталығы ашылды


Дін істері жөніндегі Мемлекеттік комиссия жанынан ашылған діни ахуалды зерттеу орталығы дін саласында зерттеу, білім беру және мониторинг қызметтерімен айналысатын болады.

Орталық халықаралық ұйымдармен белсенді түрде әріптестік орнатып, ақпарат алмаспақ.

Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінде радикалды және экстремистік ұйымдардың белсенділігі күшейіп кетті. Қырғызстан азаматтарының сирия мен Иракта лаңкестер қатарында соғысып жүргені туралы алғашқы хабар үш жыл бұрын пайда болды. Содан бері ресми дерек бойынша, ол жаққа 500 қырғыз азаматы кеткен.

Билік орындары діни экстремизмнің алдын алуға қатысты шараларды қолға ала бастады. Жаңа орталық дін мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, экстремизмнің алдын алуға байланысты ұсыныстары мен кеңестерін дайындайды, қақтығыстарды болдырмау жолдарын қарастырады және діни істерге қатысты мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің біліктілігін арттырумен айналысады, сонымен бірге тұрғындардың діни сауатын көтеруге күш салмақ.

XS
SM
MD
LG