Ссылки доступа

Бішкекте шетелдік агенттер туралы заң жобасына қарсы митинг өтуде


Жоғорку Кеңештің конституциялық заң, мемлекеттік құрылым, сот-құқық мәселелері және регламент жөніндегі комитеті «Шетелдік агенттер туралы» заң жобасын қарауда.

Бұл құжаттың қабылдануына қарсы болғандар Бішкектегі "Ақ үйдің" алдында митинг ұйымдастырды.

Шараны қолдауға келген «Қылым шамы» қоғамдық қорының жетекшісі Азиза Әбдірасулова аталған комитет мүшелері толық құрамда жиналмаса да, мәселенің талқыланып жатқанын айтты.

Құқық қорғаушылар демократиялық стандарттар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттеу қағидаларына, елдегі бірлесу құқығы туралы конституциялық, азаматтық құқықтарға қайшы келеді деп санаған заң жобасын кері қайтаруды талап етуде.

Екі жыл бойы заңға енгізіледі деп талқыланған түзетулер елдегі барлық үкіметтік емес ұйымдардың наразылығын тудырды. Заң жобасына сәйкес, билік институттарының саясатын өзгерту мақсатында олардың шешімдеріне ықпал етуге әрекет ететін кез-келген ұйым шетелдік агент боп танылады. Одан бөлек үкіметтік емес ұйымдардың қайдан қаржыландырылатыны да ескерілмек.

Заң жобасының авторлары бұл шара үкіметтік емес ұйымдардың қызметін неғұрлым ашық етуге бағытталған деп түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG