Ссылки доступа

Ауған тәлібтері «көктемгі шабуыл» туралы мәлімдеді


12 сәуірде ауған тәлібтері жергілікті уақытпен таңғы сағат 5-те шабуылды бастайтындары туралы электронды хат таратты.

Содырлардың мәлімдемесінде «15 жылдық соғыстағы қасиетті парыздарына айналған АҚШ басқыншыларына жихад жариялауды бастайтындары» туралы жазылған. «Талибан» қозғалысы 2013 жылы қаза тапқан тәлібтердің көсемі Мұхаммед Омардың құрметіне «Операция» деген атаумен шабуыл бастайтындарын мәлімдеді.

Тәлібтерді Молда Ахтар Мансур басқарғалы бері Ауғанстандағы соғыс ушыға бастады. Былтыр оның бұйрығымен тәлібтер бірнеше күнге елдің солтүстігіндегі ірі қала - Құндызды басып алған еді.

11 сәуірде Ауғанстанның шығысында мотоциклге мінген жанкешті тәліб әскери автобусты жарып жіберді. Автобустағы әскерге жаңа келген 12 бозбала қаза тапты. Бірнеше сағаттан соң Кабулда тағы екі адам осыған ұқсас шабуылдан көз жұмды.

XS
SM
MD
LG