Ссылки доступа

FH: Дағдарыс - постсоветтік диктаторлық режимдерге қауіп


Экономикалық қиындықтар постсоветтік елдерде "тамыр жайған диктатор режимдердің" тұрақтылығына қауіп төндіреді деп мәлімдеді Freedom House халықаралық ұйымы "Өтпелі кезеңде тұрған елдер" деп аталатын жыл сайынғы есебінде.

АҚШ-та орналасқан ұйым есебінде бұрынғы совет республикалары, Балқан түбегі мен Орталық Еуропадағы 29 елдегі демократиялық дамуға мониторинг жасаған. Freedom House есебінде 29 елдегі демократиялық көрсеткіштер соңғы 12 жылда үздіксіз төмендегені айтылады.

Ұйым соңғы 10 жылда билік ауыспаған Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстандағы демократиялық жағдай ерекше "бұлыңғыр" дейді. Freedom House әлемде мұнай бағасының арзандауы, АҚШ пен Еуропа Одағының Ресейге санкция салуы және Мәскеудің оған қарсы санкциялар енгізуі аймақ экономикасын кері кетірді деп біледі.

Ұйым сарапшыларының мәліметінше, экономикалық қиындықтар Ресейді рецессияға түсіріп, Қазақстан, Түркіменстан және Әзербайжан сияқты мұнай мен газ өндіретін елдерде бюджет түсімінің азайып, ұлттық валютаның құнсыздануына әкеп соқтырған.

Дағдарыс еңбек мигранттары мен субсидия арқылы Ресейге тәуелді Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Беларусь сияқты елдер экономикасына да әсер етіп, 2016 жылы бұл елдердің де рецессияға түсу қаупін күшейткен.

XS
SM
MD
LG