Ссылки доступа

Қырғызстан парламент комитеті "шетел агенті" заң жобасын мақұлдады


Қырғызстан парламентінің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және сот-құқықтық мәселелер комитеті шетелден грант алатын үкіметтік емес ұйымдарға арналған "шетел агенті" туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Енді құжат 14 сәуірде парламенттің жалпы отырысына талқылауға шығарылады.

Комитет төрайымы Галина Скрипкинаның сөзінше, заң жобасында үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне тыйым салынатын ешқандай бап жоқ. Тек ұйымдар қаржыландыру көзі мен бюджетті ашық көрсетулері керек дейді ол.

Заң жобасын талқылау кезінде Бішкекте парламент ғимаратының алдында аталған құжаттың қабылдануына қарсылық білдірушілер акция өткізді. Олар бұл құжат демократиялық талаптарға қайшы, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын бақылауға алып, азаматтардың бірігу еркіндігіне тыйым салмақшы дейді.

XS
SM
MD
LG