Ссылки доступа

"Күйеу бір сағатқа" Душанбеде "Шебер бір сағатқа" айналды


Тәжікстан астанасында жаңадан құрылған "Корсоз" компаниясы күйеулері шетелде миграцияда жүріп, елінде жалғыз қалған әйелдердің тұрмыстық мәселелерін шешіп беруді ұсынады.

"Корсоз" компаниясының жетекшісі Камила Сафина мұндай қызмет көрсету идеясын құруды жеке басының тәжірибесінен алғанын айтады. Жұбайы үйін асырау қамымен шетелде жұмыс істейді, ал үйдің барлық кем-кетіктерін түзеу өзіне қалған.

"Күйеу бір сағатқа" секілді қызметті Сафина жергілікті менталитетке сай "Шебер бір сағатқа" деп өзгертеді. "Бізді дұрыс түсінбеуі мүмкін. Себебі біздің ер азаматтар әйелдерін қызғанады. Тіптен, менің әйелім үйде жалғыз кезінде, неге ер азаматтарды жіберіп жатырсыз деуі мүмкін. Алайда біздің шеберлер – бұлар тек ғана ер азаматтар ғана емес. Бізге осы қызметте жұмыс істеу үшін, өздерінің шамалары келетін үй тұрмысындағы тірліктерді істейміз деп өте көп әйелдер хабарласады. Сол себептен ер азаматтар қорықпай, әйелдері үшін әйел-шеберлерді де шақыра алады", - дейді Кәмила.

Алайда бұл қызмет әзірге көпке танымал бола қоймаған. Бірақ ұйымдастырушылар сұраныс бар дейді. Көбінде сантехника секілді т.б. үйді жөндеуге ер азаматтарды шақырады екен.

"Шебер бір сағатқа" қызметіне үйді, офисті жөндеу, тазалау да кіреді. Сонымен бірге бала күтетін әлдиші де бар.

XS
SM
MD
LG