Ссылки доступа

Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына барады


Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Соңғы 16 жылда Қазақстан құрамасы екінші мәрте футзалдан әлем додасының ақтық сындарында өнер көрсетпек.

Алматыда өткен іріктеу кезеңінің шешуші ойындарында Қазақстан құрамасы Польша құрамасын қарымта кездесуде 7:0 есебімен ойсырата ұтты. Польшада 23 наурызда өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған еді.

Ойыннан кейін құраманың бас бапкері бразилиялық Какау қуаныштың көз жасына ерік берді.

«Ойыншыларым ақшаға емес,Қазақстанның намысы үшін ойнайтындарын көрсетті. Көпшілік тактикамызды сынады, осындай тактиканы қолданған мені "ақымақ" дегендер де болды. Алайда ойын амал-әдісіміздің дұрыстығын көрсетті. Енді Колумбияда кездескенше», — деді Какау.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына тамызға дейін Таиландта жаттығады. Қазақстан еуропалық футбол қауымдастығының одағына (УЕФА) 2002 жылы өтті.

XS
SM
MD
LG