Ссылки доступа

Қырғызстанның оңтүстігінде Тәжікстан азаматтарына шабуыл жасалды


Джалал-Абад облысында 18 Тәжікстан азаматы мінген микроавтобусқа қарақшылық шабуыл жасалған.

Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәжікстаннан Ресейге кетіп бара жатқан тәжік азаматтары көлік жүргізушісінен жолда тоқтауын өтінген. Осы сәтте автобусқа бетперде киген төрт қарулы адам басып кіріп, тапаншаларымен қорқытып тәжік азаматтарын автобустан шығарады.

Жолаушылардың жүгін ақтарған қарақшылар шетелдіктерден 100 мың сомнан артық ақшаны тартып алып кеткен.

ІІМ қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен төрт адамның ұсталғанын хабарлады.


XS
SM
MD
LG