Ссылки доступа

Украина президенті Гройсманды премьерлікке ұсынды


Петр Порошенко Жоғарғы Радаға Владимир Гройсманды премьер-министр етіп тағайындау туралы шешімнің жобасын ұсынды.Бұл туралы украин парламентінің сайтында жарияланды.

Одан бөлек, Порошенко Павел Климкин мен Степан Полторакты сыртқы істер және қорғаныс министрлері етіп тағайындауды ұсынды.

Кеше кешкісін Жоғарғы Рада спикері Владимир Гройсман украин үкіметін басқаруға келісімін бергенін мәлімдеді. Бұған дейін украин ақпарат құралдары Гройсманның бұл қызметтен бірнеше рет бас тартқаны туралы жазған еді. Бұл Украинаның батысшыл екі партиясы жаңа үкімет құрамына қатысты келісімге келген соң болған.

Гройсман мен оның үкіметі жемқорлық туралы даудан соң 10 сәуірде қызметінен кеткен бұрынғы премьер-министр Арсений Яценюктің үкіметін алмастырады.

XS
SM
MD
LG