Есепте Тәжікстанда биліктің бір қолға шоғырланғаны көрсетіліп, ел «авторитарлы мемлекет» ретінде аталады.
Баяндама авторлары республика Конституциясы көппартиялық жүйені қарастырғанымен, «үкіметтің саяси плюрализмге кедергі келтіретінін» айтады. Олар қауіпсіздік органдарының азаматтық қоғамды қатаң бақылауда ұстайтынын, былтыр өткен парламент сайлауының әділетсіз өткенін еске салады.
Есепте сонымен бірге, Тәжікстандағы адам құқығын сақтау бойынша ең өткір мәселелердің қатарына азаптаулар, саяси белсенділікті қудалау, ой еркіндігі мен ақпарат алу бостандықтарының шектелуі жатқызылған.
Мемлекеттік департамент елде сот әділдігінің жоқтығын, әлі күнге заңсыз тұтқындаулардың болатынын, түрмедегі жағдайдың адам өміріне қауіпті екенін, халықаралық ұйым өкілдеріне түрмеге кіруге тыйым салынатынын мәлімдеді. .