Ссылки доступа

Түркіменстанда "Акса" мешіті сүрілді (фото)


Ашхабадта "Акса" мешіті бульдозермен сүрілді. Бұл - Түркіменстанда соңғы жылдары бұзылған сегізінші мұсылмандар үйі.

Түркіменстан астанасында мешіттердің тең жартысын 12 сәуірде күшіне енген діндер туралы заңға сәйкес бұзылып жатыр. Жаңа заңға сәйкес, әрбір діндар адамның тиісті құжаты болуы керек.

Биліктің уәжі бойынша, Ашхабадтың Копетдаг ауданындағы бұзылған "Акса" мешіті 23 жыл бұрын, рұқсат құжатсыз салынған. Бұл бар-жоғы 14 мешіттің сегізіншісі болатын. Астана айналасында мешіттермен қатар христиан шіркеулерін де сүрілуде.

Билік ғимараттарды тұрғындардың келісімінсіз, ешқандай өтемақы төлеместен бұзып жатыр.

XS
SM
MD
LG