Ссылки доступа

БАӘ Қырғызстанның аграрлық секторына қызығушылық білдіреді


Біріккен Араб Әмірлігінің (БАӘ) инвесторлары Қырғызстанның ауыл шаруашылығы саласы мен инфрақұрылым құрылыстарында ынтымақтастық жасауға қызығушылық білдіреді.

Бұл жөнінде БАӘ энергетика министрі ОАЭ Сухейл Мохамед Фарадж Әл Мазруи Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуде мәлімдеді.

Оның сөзінше, делегация Қырғызстанға мұқият дайындалған. "Делегация 29 адамнан тұрады. Біз олардың ішінде ірі компания өкілдерінің де қатысқанын жөн көрдік", - деді ол.

"Біздің сапарымыздың басты мақсаты – сауда -экономикалық ынтымақтастықты арттыру. Біз ауыл шаруашылығы саласына және нысандардың инфрақұрылым құрылыстарына басымдық беріп отырмыз", – деп атап өтті Сухейл Мухаммед Фараджи Әл-Мазруи.

БАӘ-нің энергетика министрі Сухейл Мохамед Фарадж Әл Мазруи бастаған делегация Қырғызстанға 14 сәуірде келді. Олардың қатысуымен Бішкекте "Қырғызстан – БАӘ" экономикалық форумы өтті. Онда қырғыз тарабы әріптестік жасауға болатын жобаларымен таныстырды.

XS
SM
MD
LG