Оқу жаттығулары 18-22 сәуір аралығында Тәжікстан қарулы күштерінің «Магоб» оқу орталығының полигоны мен осы елдегі Ресей әскеріне тиесілі «Ляур» сынақ алаңында өтеді.
Орталық Азия жаңалықтар Қызметі оқу жаттығуларына Ресей,Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан қарулы күштеріндегі әскери, арнайы, радиоэлектронды, әуе және өзге де барлау әскерінің басқармалары мен бөлімдерінен 1500 әскери қызметкер қатысатынын хабарлайды.
Әскери шара ҰҚКШҰ-ға мүшеелдердің біріккен әскеріндегі барлау деректерін жинау, талдау және өңдеу жүйесін жетілдіру мақсатында өткізіледі.