Ссылки доступа

Брюссельде мыңдаған бельгиялық қарсылық шеруіне шықты


Брюссельдің жеті мыңға жуық тұрғыны жексенбі күні "террор мен өшпенділікке қарсы Марш" өткізді. Бұл шара Брюссель әуежайы мен метросында болған, 32 адамның өмірін қиып, үш жүзге жуық адам жараланған жарылыстардан шамамен бір ай өткенде ұйымдастырылды.

Шеруге қатысушылардың бір бөлігі маршты полицияның іс-қимылдары мен террорға қатысы бар деген күдіктілерді ұстаумен аты шыққан Моленбек ауданынан бастады. Шеру соңындағы жиында Брюссельдегі лаңкестік шабуылдың құрбандарының туыстары мен жапа шеккендер сөз сөйледі. Митингке қатысушылар бельгиялықтарды "еврей", "босқын", "мұсылман" қауымдастықтарына бөлінбеуге, бірлікке шақырды.

О баста шеруді 27 наурызда өткізу жоспарланғанымен, елде төтенше жағдай тәртібінің енгізілгеніне және жаңа лаңкестік шабуылдары туралы тәуекелдердің жоғары болуына байланысты кейінге қалдырылған еді.

XS
SM
MD
LG