Қалалық полицияның бастығы Reuters агенттігіне соңғы тәулікте Құндыздың оңтүстік-батыс бөлігіндегі бекеттердің шабуылға ұшырағанын хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, қаланың шығыс жағында да тәлібтерге тойтарыс берілген. Оның дерегінше, соңғы күндері қарсылас 49 адамынан өлідей айырылған және 61 жауынгері жараланған. Үкімет әскерінің төрт жауынгері қаза тауып, он бірі жараланған
Орталық Азия жаңалықтар Қызметінің Ауғанстандағы дереккөздері қалаға шабуыл жасаған тәлібтер қатарында Өзбекстан мен Тәдікстан азаматтарының да соғысып жатқанын хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын тәлібтер "көктемгі шабуылдарын" бастайтыны туралы мәлімдеген.