Ссылки доступа

Тәжікстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуы басталды


18 сәуірде Тәжікстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің әскери барлаушылардың оқу-жаттығуы басталды. Оқу орталығы "Магоб" және "Ляур" полигонында өтіп жатыр. Озоди радиосы (Азаттықтың тәжік қызметі) тілшісінің оқиға орнынан шараға Армениядан басқа елдердің өкілдері түгел келді деп хабарлайды.

ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа шараның ашылуына қатысып, өзгеріп жатқан әлемде бұл өте маңызды әрі қажет деп атап өткен.

22 мамырға дейін созылатын оқуға Тәжікстан, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 1500-ге тарта әскери қызметкері қатысып жатыр. Жаттығудың мақсаты барлау ақпараттарын өңдеу, талдау жасау және жүйені жетілдіруге арналған.

ҰҚШҚ бас хатшысы Николай Бордюжа тәжік астанасына 17 сәуірде келген. Сапар аясында ол Тәжікстан президентімен де кездесіп, Орталық Азия және Ауғанстанның қауіпсіздігі жағдайын талқыламақ.

ҰҚШҚ 1999 жылы құрылған. Оған Ресей, Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Беларусия елдері мүше.

XS
SM
MD
LG