Ссылки доступа

АҚШ-тың Жоғарғы соты Обаманың жарлығын қарайды


АҚШ-тың Жоғарғы соты президент Барак Обаманың миллиондаған заңсыз мигранттарды депортациялаудан қорғау жөніндегі бұйрығын талқылайды.

Сот Обаманың жарлығын Конресс қарау керек пе, штат басшылары сот арқылы федералды үкіметтің шешіміне қарсы шыға алады ма деген мәселелерді қарайды.

Бұған дейін Обаманың 2014 жылы қол қойған миграциялық реформалар туралы жарлығын Конргесс қабылдамаған кезде, төменгі сот инстанциялары кері қайтарған.

Егер Обаманың жарлығы күшінде қалатын болса, АҚШ-қа заңсыз келген мигранттарға рақымшылық жасалынады.

Соттың шешімі АҚШ-тың миграциялық саясатына әсер етері анық, президенттік кампания барысында бұл тақырып тағы да қызу талқылануға салынуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG