Ссылки доступа

"Қызғалдақ" ұрлаушылармен милиция айналысады


Бішкекте қызғалдақ гүлзәрын жұлып, тоз-тозын шығарушылармен милиция айналысатын болады.

Бішкектегі "Ала-Тоо" гүлзәрының жұлынған қызғалдақтарының орнына жаңасын отырғызады. 20 сәуірден бастап басқа маусымдық гүлдер отырғызады. Осылай деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың мәліметінше, қызғалдақтардың көбі ашылған. Жаңа отырғызылған гүлдер мамыр мерекесіне қарай ашылады. Баспасөз қызметі гүлдерді ұрлаушылармен милиция айналысатынын, "Жасыл құрылыс" мекемесі арыз бергенін айтады. Мемлекетке келген шығын анықталып жатыр дейді.

Алдын Бішкек әкімдігі 2015 жылдың қараша айында "Жасыл құрылыс" "Ала-Тоо" алаңындағы Құрманжан датқа және Манас ескерткіштерінің маңына 22 мың 842 бадана қызғалдақ отырғызғанын мәлімдеген. Бір бадананың бағасы 15,73 сом, жалпы құны – 359 мың 305 сомға шыққан. Алайда бұл гүлзәрды бұзақылар жұлып, тоз-тозын шығарып кеткен.

XS
SM
MD
LG